“Күйеуім мені үлде мен бүлдеге орап қойған“. Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді

“Күйеуім мені үлде мен бүлдеге орап қойған“. Ерке Есмахан өзін сынағандарға жауап берді
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Парижде демалып жүрген танымал әнші өзін сынаған оқырмандарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Сотуардан кеткен қателіктен бұрын біраз адамның көкейін тесіп бара жатқан осы саудадан тапқан ақшам екен ғой. Сотуардың ақшасына Парижде шалқып жүр деп жарыса жазып жатыр. Айналайындар, мен бұл табысты таппай тұрып Парижді 4 рет, дүниежүзін 5 рет аралаған адаммын. Сотуарсыз-ақ күйеуім мені үлде мен бүлдеге орап қойған Ерке Есмаханмын. Аллаға сансыз шүкір. Басқаның қателігіне қуанбай, біреудің ақшасын көре алмай, бос сөзбен өмір сүргенше, жұмыс жасап, миды қозғалтып, одан қателессең, онда қателікті түзеп, жөндеп, таза еңбектің терімен табыс тапқан абзалырақ, қандастар. Көп сөзден бір іс артық! Бұл "өмір" деп аталады", - деп жазды өнер иесі.

Еске салайық, танымал әнші Ерке Есмахан Жаңа жылға дейін 50 мың теңгеге өзі ойлап тапқан сотуарды сатылымға шығарған болатын. Әлеуметтік желіде оның сапасына қатысты дау шықты.

Ерке Есмахан сотуар алтын жалатылғанын, бірақ ішінде күміс екенін айтқан еді. Әлеуметтік желіде 50 мың теңгелік сотуардың бірден қарайып кеткенін жазып, адамдар шағымданып жатыр.

Кейін әнші ақауы бар сотуар мәселесін шешіп беретінін айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова
Logotype Massaget