- Негізгі бет
- LifeStyle
- Күйеу жігітсіз той:...
Күйеу жігітсіз той: Жапонияда жаңа тренд пайда болды
Жапонияда қыздар жаңа тренд шығарды. Онда қалыңдық өзіне "тұрмысқа шығатын" тойлар танымал болып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі South China Morning Post басылымына сілтеме жасап.
Мұндай үйлену тойларының дәстүрлі тойлардан айырмашылығы - күйеу жігіт болмайды. Осылайша, біреулер жай ғана қалыңдық рөлінде болып көруді қалайды, ал басқалары жеке өміріндегі маңызды оқиғаны атап өтеді.
Қыздар сақинаны саусағына тағып, өзін құрметтеуге, әрқашан жақсы көруге және өзін бақытты етуге ант береді. "Өзіме тұрмысқа шығу арқылы, ер адамға тұрмысқа шыққам келмейді", - дейді жалғызбасты қалыңдық.
Басылым мәліметінше, Жапонияда дәстүрлі үйлену тойларының саны айтарлықтай қысқарған. Былтыр некеге тұрудың ең төменгі деңгейі тіркелген: 500 мыңнан аз жұп қарым-қатынастарын заңдастыруға шешім қабылдаған көрінеді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан