Құрбан айт мал шалумен ғана шектелмейді: Нұрлан имам маңызды үндеу жасады

Құрбан айт мал шалумен ғана шектелмейді: Нұрлан имам маңызды үндеу жасады
Фото: әлеуметтік желіден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес 2026 жылы Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осы орайда Нұрлан имам Байжігітұлы мерекенің мәнін түсіндіріп, пікір білдірді. Оның сөзінше, құрбан сөзі араб тілінен аударғанда "жақындау" деген мағынаны білдіреді, яғни құдайына жақындау.

"Құрбандықтың ең үлкені - ұрпағын дұрыс тәрбиелеу. Жыл сайын ірі қара түйені шала беріңіз, ұрпағыңыз имансыз, арсыз, намыссыз, тілсіз, жетесіз болса, құрбандығыңыз не жәрдем алып келеді?! Абай атамыз осының формуласын беріп, "артыңдағы балаң жаман болса, қай балаңның дұғасы саған жәрдем береді?! Өзің жаман болсаң, қай балаңның дұғасы сені құтқарады?! Өзің жақсы болсаң, қай қазақ саған дұға қылмайды?!" дейді. Айтпақ болғаным: бүгінде құрбандықтың ең үлкені - ұрпақ тәрбиесі", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 101.4 FM (@jibek_joly.radio)

Құрбан айт - 2026

Құрбан айттың алғашқы күні - 27 мамыр, бұл күн - Қазақстанда ресми демалыс күні. 2026 жылы Құрбан айт сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан азаматтарды жұмыс аптасының ортасында қосымша демалыс күні күтіп тұр.

Құрбан айт қандай мереке?

Құрбан айт - Исламдағы басты мерекелердің бірі. Ол Рамазан айы аяқталғаннан кейін 70 күннен соң атап өтіледі. Мереке таңғы айт намазынан басталып, кейін құрбандық шалынады. Ет отбасы мүшелеріне, көршілерге, достарға және көмекке мұқтаж жандарға таратылады.

Тағы да оқи отырыңыз: Қауіпті аурулар мен паразит жұқтыру қаупі бар: құрбандық шаларда нені ескеру керек?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget