27 мамыр - Құрбан айт мейрамының алғашқы күні, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміз бойынша айт намазының кестесін жариялады.

Құрбан айт - 2026
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) күнтізбесіне сәйкес 2026 жылы Құрбан айт 27-29 мамыр аралығында өтеді.
Құрбан айттың алғашқы күні - 27 мамыр, бұл күн Қазақстанда ресми демалыс күні болып есептеледі. 2026 жылы Құрбан айт сәрсенбіге сәйкес келеді, сондықтан азаматтарды жұмыс аптасының ортасында қосымша демалыс күні күтіп тұр.

Құрбан айт қандай мереке?
Құрбан айт - Исламдағы басты мерекелердің бірі. Ол Рамазан айы аяқталғаннан кейін 70 күннен соң атап өтіледі. Мереке таңғы айт намазынан басталып, кейін құрбандық шалынады. Ет отбасы мүшелеріне, көршілерге, достарға және көмекке мұқтаж жандарға таратылады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова