Әнші Кенжебек Нұрдолдай "Көреміз" бағдарламасында әйелін біреулер дуалағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші Кенжебек Нұрдолдай қазіргі заңды әйелінің жағдайы ауыр екенін айтты. Оның айтуынша, әйелін біреулер дуалаған.
"Мұның бәрі екі ай бұрын басталды. Сол уақыттан бері күнделікті арпалыс болып жатыр. Сиқыр. Бұл адамдардың істеп отырған сиқыры. Ұстаз жын болғанда баяғыда шығып кетер еді деді. Ал бұл жерде біреу ғана емес. Бір күнде екеуін шығарды. Ал қалған күндері 83-тен, 20-дан, сондай мөлшерде шығарды. Бұл нәрсе өлімге жасалған. Менде "мен оны өлтіргім келеді" деп айтылған жазба бар. Одан кейін бірінші лек кетті. Екінші лек жасалды. Екінші легінде жатырына жасаған. Ол да қазір енді-енді жақсы болып келе жатыр", - дейді әнші.
Әншінің әйелі ойындағысын айта алмай қиналатынын айтты.
"Ішімдегіні айтқым келеді. Бірақ үндемеймін. Тамағыма кілт қойып қойған сияқты болады. Миыммен сөйлеп отырмын, бірақ сөйлегенде даусым шықпайтын секілді. Өзім түсінбеймін. Сонымен бірінші күні ешқандай реніш те болған жоқ, өзіммен өзім сөйлемей қойдым. Сөйлей алмаймын", - дейді әншінің әйелі Мөлдір.
Әнші әйелін суицидтік ойлар мазалайтынын айтты.
"Қазір 3-ші айға кетті. Оған дейін бәрі жақсы болатын, ешқандай оғаш қылық болмайтын. Қазір ұстаздарға барып, дем салдырып, құранмен жынын шығарып жатырмыз. Мысалы, екі күн бұрын әйелім көліктен секіріп кеткісі келді. Өз-өзіне қол жұмсағысы келіп, миын суицидтік ойлар мазалайды. Оның алдында үйдегі ыдыстарды сындырды. Мұның сиқыр екеніне 100 пайыз сенімдіміз", - дейді Кенжебек Нұрдолдай.
Әнші медицина мамандарына қаралмағанын, оларға қаралса, жағдай ушығып кететінін айтты.
Еске салайық, бұған дейін әнші Кенжебек Нұрдолдайдың бірінші әйелі "мені баламен үйден қуып шықты" деп айыптаған болатын. Толығырақ сұқбаттан оқи аласыз.