“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды

“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды
Фото: depositphotos.com

Қалташа шай - жылдам әрі ыңғайлы. Алайда испан ғалымдары кей қалташа шайлар миллиондаған уытты бөлшектер бөлетінін дәлелдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шайдың құрамында 300-ден астам зат бар, олардың кейбіреулері біздің денсаулығымызға тікелей әсер етеді. Сусын пайдалы болу үшін оны дұрыс қайнату керек. Көптеген адам қалташа шайды жақсы көреді, өйткені оны дайындау тез және ыңғайлы. Бірақ сіз шай жапырағын емес, оның үгіндісін, шай ұнтағын қайнатасыз. Бұл іс жүзінде ешқандай пайда әкелмейді дейді дәрігерлер. Сонымен қатар қалташа шайлар денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.

Испаниядағы Барселона автономиялық университетінің мамандары қалташа шайларда қанша микропластика бар екенін зерттейтін тәжірибе жүргізді. Нәтижелер Science Direct-те жарияланған.

Зертханалық жағдайда ғалымдар нейлоннан, целлюлозадан, полипропиленнен жасалған қалташа шайларды мұқият зерттеді. Сарапшылар материалды әртүрлі әдістерді қолданып сканерледі, сонымен қатар химиялық реакцияларды көру үшін оны ыдыратты. Мысалы, эксперименттердің бірінде ғалымдар нанобөлшектердің қатшалардағы қозғалысын бақылай алды.

Кейбір қалташа шайларда миллиондаған микропластика мен нанопластика бөлшектері пайда болды. Бұл жерде полимер негізінде жасалған қалташалар туралы айтылып тұр. Мысалы, нейлон пирамида қалташалар.

Ғалымдардың бірнеше тұжырымын ұсынамыз:

  • Қайнату кезінде нейлон пакеттері 1 мл сусынға 8,18 миллион бөлшек шығарады;
  • Полипропилен (пакеттерді желімдеуге арналған тығыздағыш пластик) 1 мл-ге шамамен 1,2 миллиард бөлшек шығарады;
  • Қалташаның ең қауіпсіз түрі - өңделген ағаштан жасалған целлюлоза пакеттері. Олар 1 мл-ге шамамен 1,35 миллион бөлшек шығарады.

"Пластмассаның ең кішкентай бөлшектері ішек жасушаларына сіңіп, қанға жетеді және бүкіл ағзаға таралады. Олар генетикалық материал сақталатын жасушаның өзегіне де ене алады", - дейді эндокринолог Зухра Павлова.

Микропластик улы және қауіпті, ол миға, жүрекке және басқа органдарға енуі мүмкін. Иммундық жүйе микропластикке реакция береді. Оның бөлшектері қабынуды тудырады - бұл ағзадағы кез келген бөгде затқа әмбебап реакция. Олар сондай-ақ эндокриндік жүйені бұзады, болашақ балаға зиян тигізуі мүмкін, семіздік пен қатерлі ісік тудырады.

Сарапшылар қалташа шайды мүмкіндігінше аз ішуге кеңес береді. Ең дұрысы - түйіршіктелген шайды қайнату. Ол хош иісті және пайдалы. Сапалы және дұрыс дайындалған шай жастықты ұзартады, онкологияның даму қаупін азайтады, қуаттандырады, күйзелістен қорғайды.

Оқи отырыңыз: Шайды қалай дұрыс демдеу керек?

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

А. Жапатова