Құны - 230 мың теңге: Dyson әлемдегі ең қымбат тіс щеткаларының бірін шығарды

Dyson құны 499 доллар (шамамен 230 мың теңге) тұратын CameraJet атты тіс щеткасын таныстырды. Құрылғы камерамен және жасанды интеллектпен жабдықталған. Ол тіс тазалау барысын бақылап, тіс арасына сұйықтық бағыттай алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Dyson компаниясы YouTube арнасында кіріктірілген камерасы бар жаңа тіс щеткасын таныстырды. Камера саптаманың астында орналасқан. Тазалау кезінде ол ауыз қуысын түсіріп, кескінді Wi-Fi арқылы смартфонға жібереді.

Жасанды интеллект суретті секундына 28 кадр жылдамдықпен талдап, тіс арасындағы саңылауды анықтайды. Жүйе тіс арасындағы бос орынды анықтаса, CameraJet шамамен 100 миллисекунд ішінде ол жерге ауыз шаюға арналған сұйықтық бүркиді. Осылайша, щетка әдеттегі тіс тазалауды ирригатор функциясымен ұштастырады.

CameraJet-тің бағасы 499 доллар болады. Бұл дегеніміз - шамамен 230 мың теңге.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!