Күннен күнге ақылды бола түсуге көмектесетін 5 әдет

Күннен күнге ақылды бола түсуге көмектесетін 5 әдет
Фото: pixabay.com

Интеллект бала кезде қалыптасады және ол өзгеріссіз қалады деп ойласаңыз, қателесесіз. Ақыл-ой қабілетін де дамытуға болады және ол көп уақытты қажет етпейді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кітап оқу

Кітап оқудың пайдасы жайлы бәріміз білеміз. Көркем әдебиетті оқыған жақсы. Махаббат және шытырман оқиғалар жайлы да оқу керек. Бірақ басқа жанрдағы кітаптарды да оқу маңызды. Мысалы, фактіге негізделе жазылған кітаптар. Кітап дүкеніне барғанда психология жайлы кітап немесе космос жайлы кітапқа да мән беріңіз.

Күнделік жазу

Күнделік бастап, күнде өз ойларыңызды жазуға уақыт табуға тырысыңыз. Жазу адамға терапиялық әсер береді. Себебі бұл кезде күні бойы ішіңізге жиналған эмоцияларыңыз сыртқа шығады және ойыңызда қандай да бір жағдайды немесе диалогты қайталай бермейсіз. Күнделік жазуды әдетке айналдырсаңыз, ойыңызды жинақтауды, ойыңызды дұрыс жеткізуді үйренесіз.

Белсенді болу

Физикалық белсенділік ағзаға ғана емес, миға да пайдалы. Жүйелі түрде жаттығу есте сақтауды жақсартады, аналитикалық және шығармашылық ойлауды арттырады. Қарапайым жылдам жүрудің өзі өте пайдалы. Ол жылдам шешім қабылдауды жаттықтырады.

Әртүрлі көзқарасты зерттеу

Ми жұмысын белсенді етудің бір әдісі – түрлі адамдармен сөйлесу. Өмірге позитивті қарайтын және ерекше нәрсемен шұғылданатын адамдармен, қарт кісілермен және кішкентай балалармен сөйлесуге тырысыңыз. Оларға өзіңді қызықтыратын сұрақтарды қойыңыз және басқаларды сіздің көзқарасыңызды қабылдауға мәжбүрлемеңіз. Адамдарды тыңдап және олардың сөзіне анализ жасап үйренсеңіз, өзіңіз үшін көп жаңалық ашасыз. Сондай-ақ бұрын басқаша қабылдаған нәрселерге жаңа қырынан қарауыңыз мүмкін.

Жаңа әсерлер алу

Жаңа дүниелерге ашық болыңыз. Достарыңызбен бірге тауға шығыңыз немесе аспаздық мастер-класқа барыңыз. Мүмкіндігінше саяхаттаңыз. Бұл ой-өрісіңізді кеңейтеді және ми жұмысын белсенді қылады.

Оқи отырыңыз: Бруклиндегі мектептің ерекшелігі. Нью-Йоркте тұратын қазақ анамен сұхбат

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жапатова