Күніне қанша сағат ұйықтау керек: маман түсіндірді

Күніне қанша сағат ұйықтау керек: маман түсіндірді
Фото: depositphotos.com

Психиатр, психотерапевт әрі сомнолог Елена Колесниченко денсаулықты сақтау үшін адамға қанша сағат ұйқы қажет екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі aif.ru-ға сілтеме жасап. 

Маманның айтуынша, орташа ұсыныс бойынша 18 бен 60 жас аралығындағы ересек адамдар тәулігіне кемінде 7 сағат ұйықтауы керек. Алайда әр адамның ұйқыға деген қажеттілігі әртүрлі болуы мүмкін.

Көпшілікке тәулігіне 7–9 сағат ұйқы жеткілікті. Ал 65 жастан асқан адамдарға 8–9 сағат ұйықтаған дұрыс. Кейбір адамдар 6 сағат ұйқымен де сергек жүре алады, ал енді біріне толық тынығу үшін 10 сағат қажет болуы мүмкін.

Сомнолог ұйқының ұзақтығымен қатар, оның тұрақты режимі де маңызды екенін атап өтті. Яғни күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну денсаулыққа оң әсер етеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget