Күніне қанша мөлшерде қарбыз жеуге болады?

Күніне қанша мөлшерде қарбыз жеуге болады?
Фото: depositphotos.com

Диетолог Антон Поляков бір күнде қанша мөлшерде қарбыз жеуге болатынын айтты. Бұл туралы aif.ru жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Диетологтың сөзінше, қарбыздың жеуге болатын мөлшері оның сапасына байланысты. Маман қарбыздың құрамында нитриттер мен химиялық заттар болмаса, күніне орта есеппен 400-500 грамм қарбыз жеуге болатынын жеткізді. Бұл мөлшер су құрылымы және фруктозаның құрамын ескере отырып есептелген.

Антон Поляков бір тілім қарбыздың салмағы шамамен 150 грамм екенін, яғни күніне қарбыздың үш-төрт үлкен тілімін жеуге болатынын айтты.

Еске салайық, бұған дейін дәрігер қарбыздан улану белгілерін атады. Бұл кезде адам құсуы, жүрегі айнуы, іші ауруы, іші өтуі мүмкін. Сондай-ақ, әлсіздік және температура көтерілуі секілді улану белгілері байқалады. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget