- Негізгі бет
- LifeStyle
- Күнге қалай дұрыс...
Күнге қалай дұрыс күю керек?
Теріні күйдіріп алмай, оны күнге әдемі етіп қарайту мүмкін бе? Ол үшін не істеу керек?
Күнге қараюдың артықшылықтары:
- Терінің әдемі түсі;
- D дәрумені;
- Бақыт гормоны - серотонин деңгейінің артуы;
- Иммунитеттің жақсаруы.
Бірақ күн астында ұзақ болудың кемшіліктері де бар: күйік алу қаупі және ультракүлгін сәуленің зиянды әсері (онкология қаупін арттырады, тері жасушаларының бұзылуы және т.б).
Күнге қараюға қалай дайындалу керек?
Егер теңізге демалуға барып, күннің астында жатып қараюды жоспарласаңыз, оған теріні дайындау маңызды.
Біртіндеп қарайыңыз. Теріңізді қоңырқай ету үшін жағажайдан кетпей қойғанмен, ойлағаныңыздай болмайды. Бірінші күні меланин көп бөлініп қойса, келесі күні ол сіздің қараюыңызға мүмкіндік бермейді. Сол үшін де күнге бірден шықпаған жөн.
Күнге қауіпсіз қараю үшін нақты уақытта шыққан жөн: сағат 10:00-ге дейін және 16:00-ден кейін.
Бірінші күні күннің астында 30 минуттан артық болмаңыз: бұл уақытты арасына үзіліс алып, екіге бөлген де жақсы. Күн сайын бұл уақытты 15 минутқа арттырыңыз. Бірақ 2-3 сағаттан артық күнге күюдің қажеті жоқ.
Міндетті түрде күннен қорғайтын крем жағыңыз. Қазір күннен қорғайтын құралдардың түрлері көп: кремдер, лосьондар, майлар, спрейлер, стиктер. Олардың қандай түрін таңдасаңыз да, олар күнге қараю жылдамдығына әсер етпейді. Олардың барлығы қауіпсіздікпен бірдей қамтамасыз етеді. Егер теріңіз құрғақ болса, оның текстурасы тығыз түрін, теріңіз майлы болса, текструасы жеңіл түрін таңдаңыз.
Крем ультракүлгін сәуленің ең қауіпті түрі - UVF-тен қорғайды. UVF сәуле теріні қызартады, күйдіреді және қатерлі ісік тудыруы мүмкін. SPF - күннен қорғаушы фактор, ал жанындағы сан оның деңгейін көрсетеді. Ол қаншалықты жоғары болса, сәйкесінше, қорғаныш та көп болады.
Күннен қорғайтын құралдарды қолдануда жіберілетін қателіктер
Күннен қорғайтын кремді жағу ережесі
- Далаға күннің көзіне шығуға 20 минут қалғанда жағып алыңыз: ол теріге сіңуі керек;
- Крем қабатын әр 2 сағат сайын және суға түскен сайын жаңартыңыз;
- Крем жаққанда тері құрғақ болуы керек;
Терісі ақ адамдар күнге қалай дұрыс күю керек?
Терісі ақ адамдардың күнге қараюы қиын. Олар әдетте күннің астында аз уақыт болса да, күйік алады немесе терісіне аллергия шығып кетеді.
Күнге әдемі және тегіс қараю үшін мына ережелерді сақтаңыз:
- Рационға меланин бөлінуіне ықпал ететін шырындар қосыңыз: сәбіз, қызылша, апельсин шырыны;
- SPF 50-ден төмен крем қолданбаңыз. Ол күнге қараюға мүмкіндік бермейді деп ойламаңыз. Оны жақсаңыз да күнге қараясыз, сондай-ақ ол теріні күйіктен қорғайды.
- Күннің астында 30 минуттан артық жатпаңыз және одан кейін теріні ылғалдандыруды ұмытпаңыз.