Салқын душ дайын емес адамға - күмәнді нәрсе. Алайда егер өзіңізді бұл процедураға біртіндеп үйретсеңіз, физикалық және психологиялық жағдайыңызды жақсарта аласыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жүрек пен қан тамырларды қатайтады
Душқа түсу кезінде ыстық су мен суық суды кезектестіру - қанайналымды жақсартудың қарапайым әдісі. Суық су қанды органдарға белсендірек келуге мәжбүрлеп, оларды жылытуға тырысады. Оған қоса, салқындау - ағза үшін адреналин шығуына әкелетін күйзеліс. Жылы су бұл әсерді өзгертеді: қан тері бетіне құйылады. Осылайша, жүрек пен қан тамырларды қатайтатын "гимнастика" болады. Алайда жүрек-қан тамырлар аурулары бар адамдарға салқын душқа түсуге болмайды.
Жаттығудан кейін бұлшықеттер қалпына келеді
Суық су қалпына келтіруші қасиетке ие. Сол үшін де соғып алған немесе көгерген жерге мұз басады. Жаттығудан кейін бұлшықеттерде микрозақымдар пайда болады. Суық су қосымша оттек құйылуын қамтамасыз етеді, қанайналымды жақсартады және қабынуды басады. Бұлшықеттер босаңсиды және жылдам қалыпқа келеді.
Күйзелісті түсіруге және депрессияның алдын алуға көмектеседі
Салқын судың астында ең болмағанда 5-6 секунд тұрсаңыз, көңіл күйіңіз жақсарғанын байқайсыз. Сергек бола түсесіз. Ал күнде салқын душқа түссеңіз, жүйке жүйесі біртіндеп күйзеліске үйреніп, қиын жағдайда оған қарсы тұрады.
Арықтауға ықпал етеді
Салқын душқа түскенде ағза жылу ауысуға жауап беретін қоңыр майды белсенді жаға бастайды, нәтижесінде көбірек калория жұмсалады. Артық салмақпен байланысты ақ майдың қоры да азаяды: ол энергия жағатын қоңыр майға айналады. Сондай-ақ салқын су зат алмасуды жылдамдатады. Алайда тек салқын душқа түсіп арықтай алмайсыз. Сондай-ақ дұрыс тамақтану және физикалық белсенді болу маңызды.
Тері жағдайын жақсартады
Суық су қан тамырлар мен тері тесіктерін тарылтуға көмектеседі, ісінуді және қызарғанды басады. Әдетте терісі құрғақ адамдардың ыстық душтан соң терісі қышиды. Мұндай жағдай орын алмас үшін су температурасын барынша түсіріп, содан соң ылғалдандырушы крем жағу керек.
Иммунитет күшейеді
Салқын душ иммунитетті күшейтіп, ағзаны түрлі аурулардан қорғайды. Салқын душ бойға қан жүгіртіп, ағзаны жаттықтырады. Сол арқылы ағза бойдағы бактерия мен вирусқа қарсы тұра алады.
Ескерту: Салқын суға түсуді бастамас бұрын дәрігерге қаралып, қарсыкөрсетілім жоқ екеніне көз жеткізген дұрыс. Сондай-ақ аз уақыттан бастап, оны біртіндеп көтеріңіз. Бірден салқын судың астында ұзақ тұрмаңыз.
Оқи отырыңыз: Жазда моншаға бару пайдалы ма?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!