- Негізгі бет
- LifeStyle
- Күнде таңертең аш...
Күнде таңертең аш қарынға жылы су ішсеңіз не болады?
Таңертең аш қарынға жылы су ішу көптеген мәдениетте кездеседі және ол денсаулыққа жағымды әсер етеді. Бұл қарапайым әдеттің қандай артықшылықтары бар? Күнде таңертең аш қарынға жылы су ішу ағзаға қалай әсер етеді?
Гидратацияның жақсаруы
Түнгі ұйқыдан соң ағза жиі қосымша ылғалды қажет етеді. Таңертең бір стақан жылы су ішу сұйықтық жоғалтудың орнын толтырып, ағзаны жаңа күнге дайындайды.
Асқорытуды ынталандыру
Жылы су асқорытуды ынталандырып, тамақтың жеңіл сіңуіне көмектеседі және асқазан-ішек жолының жалпы қызметін жақсартады.
Ағзаның тазаруы
Таңертең жылы су ішу ағзадан уыттардың шығуына ықпал етеді.
Зат алмасуды қалыпта ұстау
Жылы су зат алмасуды іске қосуға және асқорытуды жақсартуға көмектеседі. Бұл дұрыс салмақты ұстап тұру үшін маңызды.
Күйзелісті азайту
Жылы судың босаңсытушы әсері күйзеліс деңгейін түсіруге көмектеседі.
Таңертең жылы суды қалай ішу керек?
Жылы судың ағзаға барынша пайдасы тию үшін оны таңғы асқа дейін 30-40 минут бұрын ішу ұсынылады. Әр адамның ағзасы әртүрлі, сондықтан олардың таңғы жылы суға деген реакциясы әртүрлі болуы мүмкін. Егер қандай да бір созылмалы ауруыңыз бар болса, әркез жаңа тәжірибені байқап көрмес бұрын дәрігермен кеңесіп алған жөн.
Оқи отырыңыз: Таңертең істеуге болмайтын 4 нәрсе
А. Жапатова