- Негізгі бет
- LifeStyle
- Күнде күріш жеуге...
Күнде күріш жеуге бола ма: қаупі мен пайдасы
Күріш - пайдалы өнім. Ол ми белсенділігін жақсартады және қан қысымын қалыпқа келтіреді. Алайда кез келген өнімге секілді күрішке де қарсыкөрсетілімдер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Күнде күріш жесе не болады?
Күріштің тарихы 5 мың жылдан астам уақыт бұрын Азияда басталған, ал бүгінде танымал жарманың 7 мыңнан астам түрі белгілі. Олардың арасында ақ, қоңыр, жасмин және қара күріш кең тараған. Күріш несімен пайдалы?
Күріштің денсаулыққа пайдасы
- Күріштің құрамында В тобының дәрумендері бар: олар жүйке жүйесі, тері, көз және асқорыту жүйесі саулығына белсенді қатысады.
- Сондай-ақ күріште лецитин бар, ол ми белсенділігін ынталандырады. Ал құрамындағы көп мөлшердегі калий жүрек-қан тамырлар жүйесіне пайдалы.
- Күрішті жүйелі түрде жеу қан қысымын қалыпқа келтіреді және қан тамырларды қатайтады.
- Күріште иммунды жүйені қатайтуға және шаш пен тері саулығын жақсартуға ықпал ететін Е дәрумені бар. Оған қоса, ол жүрек-қан тамырлар аурулары және қатерлі ісіктің кей түрлерінің даму қаупін азайтады.
Күрішті қалай таңдау керек?
Әдетте күрішті одан қандай тамақ пісіретініне қарай таңдайды. Сапалы өнімді таңдауға көмектесетін бірнеше ереже бар:
- Шағын пакеттегі күрішті алыңыз және ішіндегісі көрінетін қаптама таңдаңыз;
- Күріштің өлшемі мен пішіні бірдей болғаны дұрыс. Бұл өнімнің сапасын көрсетеді;
- Қаптамада қоқыс немесе басқа иіс болмауы керек. Бұл оның дұрыс шартта сақталғанын көрсетеді;
- Дайындалу мерзімін қарауды ұмытпаңыз;
- Күрішті қақпағы жақсы жабылатын әйнек немесе қаңылтыр құтыда сақтаған дұрыс;
- Күрішті қараңғылау, суық және құрғақ жерде сақтау керек.
Күрішті кімдерге жеуге болмайды?
Күрішті диабеті бар және қандағы қант деңгейімен проблемасы бар адамдарға көп жеуге болмайды. Сондай-ақ күрішті іш қатуға бейім адамдарға абайлап жеу керек. Себебі күріш суды жақсы көреді, сондықтан ол ағзадағы сұйықтықты сіңіріп алады да, ағзадағы кей қызметтерді бұғаттайды.
Ескерту: күріш пайдалы өнім, алайда кез келген өнімді жүйелі түрде қолданбас бұрын оның ағза үшін қандай қаупі болуы мүмкін екенін зерттеп, мамандардан кеңес алған дұрыс. Сондай-ақ рацион үйлесімді және әртүрлі болуы керек: күнде бір өнім жесеңіз, ағза қажетті пайдалы заттарды алмайды.
Оқи отырыңыз: Кімдерге алма жеуге болмайды? Өзіңізді тексеріңіз!
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
А. Жапатова