- Негізгі бет
- LifeStyle
- Күнде баспалдақпен шығу...
Күнде баспалдақпен шығу ағзаға қалай әсер етеді?
Күнде өз қабатыңызға баспалдақпен шығу - физикалық жағдайыңызды және жалпы денсаулығыңызды жақсартатын пайдалы әдет. Мұндай қарапайым белсенділік ағзаға қалай әсер етеді?
Жүрек-қан тамырлар аурулары қаупі азаяды
Баспалдақпен шығу - кардио-жаттығу. Одан жүрек-қан тамырлар жүйесі қатаяды. Ол қанайналымның жақсаруына, төзімділікті арттыруға және жүрек-қан тамырлар аурулары қаупін азайтуға көмектеседі.
Арықтауға көмектеседі
Баспалдақпен шығу көп күш салуды қажет етеді, сондықтан калорияны жағуға көмектеседі. Бұл дұрыс салмақты ұстап тұруға немесе дене сымбаттылығын жақсартуға пайдалы.
Аяқ бұлшықеттерін қатайтады
Баспалдақпен көтерілу дененің төменгі бөлігінің қатаюына ықпал етеді. Баспалдақпен жоғары көтерілу кезінде жамбас, бөксе, балтыр бұлшықеттері іске қосылады. Бұл жақсы бұлшықет тонусын сақтауға ықпал етеді.
Төзімділікті арттырады
Күнде баспалдақпен шығу физикалық төзімділікті жақсартуға көмектеседі. Сіз тынысыңыздың біртекті бола түскенін және физикалық белсенділік кезінде бұрынғыдай тез шаршап қалмайтыныңызды байқайсыз.
Көңіл күй жақсарады
Физикалық белсенділік бақыт гормоны - эндорфиндердің бөлінуіне ықпал етеді. Баспалдақпен шығу көңіл күйді жақсартуға, күйзелісті азайтуға және мазасыздық деңгейін түсіруге көмектеседі.
Энергия артады
Жүйелі түрде физикалық жаттығулар жасау энергияңыздың артуына ықпал етеді. Сондықтан баспалдақпен көтерілу де энергияның артуына көмектеседі. Бұл сіздің әдетіңізге айналса, жиі сергек күйде жүресіз.
Жаяу жүрудің жүгіруден артықшылығы қандай?
А. Жапатова