Банан – дәмді жеміс қана емес, сондай-ақ қоректік заттардың көзі. Ол калийге, дәрумендерге және жасұнықтарға бай. Бірақ кез келген өнім секілді бананды да көп жеудің өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Егер күнде банан жесе не болады?
Күнде банан жеудің артықшылықтары:
Ағзаны қоректік заттармен байытады. Бананның құрамында С және В6 дәрумендері, калий, магний және жасұнық бар. Мысалы, калий жүрек және жүйке жүйесі саулығы үшін қажет.
Энергия сыйлайды. Бананның құрамында ағзаға энергия беретін көмірсулар бар. Оның құрамында сондай-ақ серотонин деңгейін арттыратын триптофан аминқышқылы бар. Сондықтан ол көңіл күйді жақсартуға көмектеседі.
Асқазан жүмысын жақсартады. Банандағы жасұнық асқорытуды реттеуге және ішқатудың алдын алуға көмектеседі.
Алайда бананға да қарсыкөрсетілім бар.
Мына жағдайларда бананды күнде және көп жеуге болмайды:
Күнде банан жеуге бола ма?
Денсаулығында проблема жоқ адамдардың өзіне бананды бақылаусыз жей беруге болмайды. Себебі оның құрамында крахмал мен фруктоза көп. Метаболизмі жақсы және дене пішіні арықтау келген сау адамдарға бананды күнде жеуге болады. Бірақ олар да күніне екі бананнан артық жемегені дұрыс. Ал артық салмағы бар немесе денсаулығында проблемасы бар адамдарға бананды жиі жеу зиян келтіруі мүмкін. Орташа есеппен, бананды аптасына екі-үш рет жеу жеткілікті.