Қазгидромет 26, 27, 28 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Антициклон Қазақстанның басым бөлігінде өз ықпалын сақтайды, ал ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді. Жауын-шашынсыз ауа райы болады деп болжанып отыр. Тек оңтүстік өңірлерде жауын-шашын жауады. Сондай-ақ, жел күшейіп, көктайғақ байқалады.
28 ақпанға қарай оңтүстік облыстарда ауа температурасы түнде 10-17 градус аязға дейін төмендейді, Түркістан облысында 2-10 градус аяз болады.
Республика бойынша тұман түседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!