Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады деп болжанады, жаңбыр жауады, еліміздің батысы мен солтүстік-батысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтіледі, жел күшейеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Астана - көшпелі бұлтты, күн аяғында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 градус жылы.
Алматы - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 22-24 градус жылы. Іле Алатауы тауларында (Алматы қаласы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында) - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 0-5, күндіз 11-16 градус жылы.
Шымкент - көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.
Ақмола облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде жаңбыр, оңтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, түнде облыстың батысында, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 16-21, облыстың батысында 12 градус жылы. Көкшетау - көшпелі бұлтты, түнде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 16-18 градус жылы.
Алматы облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысында, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14 жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градус аяз бен 4 градус жылы аралығында, күндіз 21-26, облыстың таулы аудандарында 11-16 градус жылы. Қонаев - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 24-26 градус жылы.
Жетісу облысы - жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-12 жылы, облыстың орталығында, таулы аудандарында 3 градус аяз бен 2 градус жылы аралығында, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 17 градус жылы. Талдықорған - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 23-25 градус жылы.
Түркістан облысы - күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аудандарында 7, күндіз 25-30, облыстың таулы аудандарында 22 градус жылы. Түркістан - көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел
солтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 27-29 градус жылы.
Батыс Қазақстан облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-5 жылы, облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус аяз, күндіз 3-8 градус жылы.Орал - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 4-6 градус жылы.
Атырау облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 7-12 градус жылы. Атырау - көшпелі бұлтты, күн соңында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 2-7, күндіз 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 10-12 градус жылы.
Маңғыстау облысы - түнде жаңбыр, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың солтүстік-шығысында 4, күндіз 12-17 градус жылы. Ақтау - көшпелі бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 15-17 градус жылы.
Ақтөбе облысы - облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 1-6, облыстың оңтүстігінде 10 жылы, облыстың солтүстік-шығысында 3 градус аяз, күндіз 6-11, облыстың оңтүстік-шығысында 15 градус жылы. Ақтөбе - бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 2-4, күндіз 7-9 градус жылы.
Қостанай облысы - жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10, күндіз 5-10, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылы. Қостанай - бұлтты, жауын-шашын (жаңбыр, қар). Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 3-5, күндіз 8-10 градус жылы.
Солтүстік Қазақстан облысы - жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың солтүстік-шығысында 2, күндіз 11-16 градус жылы. Петропавл - бұлтты, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 14-16 градус жылы.
Павлодар облысы - жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 18-23, облыстың солтүстігінде 15 жылы.Павлодар - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-7, күндіз 21-23 жылы.
Қарағанды облысы - таңертең және күндіз облыстың батысында жаңбыр, солтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, облыстың шығысында 4, күндіз 17-22 жылы. Қарағанды - көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 19-21 жылы.
Ұлытау облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде аздаған жаңбыр, күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 8-13, күндіз 18-23, облыстың солтүстігінде 14 жылы. Жезқазған - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 20-22 жылы.
Шығыс Қазақстан облысы - түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, шығысында, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, шығысында, таулы аудандарда 2, күндіз 15-20, шығысында, таулы аудандарда 12 жылы. Өскемен - көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 5-10, екпіні секундына 15-18 метр. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 18-20 жылы.
Абай облысы - түнде облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында, шығысында тұман түседі. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 9-14, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 18-23 жылы.Семей - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 21-23 жылы.
Қызылорда облысы - түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл, шквал болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде жылдамдығы 9-14, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 23 м/с. Ауа температурасы түнде 8-13 жылы, күндіз 20-25, облыстың шығысында 28, солтүстігінде, батысында 15 жылы. Қызылорда - көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл, шквал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14, күндіз секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-11,
күндіз 23-25 жылы.
Жамбыл облысы - күндіз облыстың таулы аудандарында жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 8-13, таулы аудандарда 4, күндіз 22-27, таулы аудандарда 17 жылы. Тараз - көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 25-27 жылы.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!