Актер және әзілкеш Ғалым Махамбетовтің әйелі, блогер Әсия Тәңірбергенқызы "Күміс алқа" алуға құжат жинап бастағанда қызық жайтқа тап болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Блогер "Күміс алқа" наградасын алуға қажетті құжаттардың ішінде ананың өмірбаянын қолдан жазу керек дегенге шүйлікті.
"Осы мәліметтің бәрі базада бар емес пе?! "Қыз сынына" қатысып жатқан секілдімін. Пакеттен көйлек жасап әкел демесе болар еді", - дейді ол видеода.
Кейін ол өмірбаянды қолдан жазған пайдалы екен деп тағы бір қалжың видео жариялады.
"Өмірбаянға не жазамын деп ойланып отырсам, туған кезімнен бастап, мектеп бітіргенім, университетке түскенім, дипломым бар екені есіме түсті. Үкіметті енді түсіндім, дұрыс, өмірбаяндарыңды жазыңдар, сол кезде кім екендеріңді түсінесіңдер. 6-7 бала туып, адамның миы алжып қалады да, өзіңнің кім екеніңді ұмытып қалады екенсің ғой. Бұл "сенің дипломың бар ғой, бала туып болсаң, енді жұмыс істе" деген сөз екен. "Үкіметтің беретін 25 мың теңгесіне сенбе, жұмысыңды істе" деген сөз екен. Бұл - терапия", - деп қалжыңдады блогер Әсия Тәңірбергенқызы.
@asiya_tanirbergenkyzy ♬ оригинальный звук - Асия Тәңірбергенқызы
Еске салайық, 2025 жылы Қазақстанда төлемдер мен жәрдемақылар өсетінін жазған болатынбыз.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова