Құлақ неге шыңылдайды? Дәрігер бірнеше себебін атады

Құлақ неге шыңылдайды? Дәрігер бірнеше себебін атады
Фото: depositphotos.com

Құлақтағы шу (тиннитус) - сырттан дыбыс жоқ болса да, құлақта зың, ысқырық, гуіл, шыңыл сияқты дыбысты сезіну. Ол бір құлақта да, екі құлақта да болуы мүмкін. Кейде қатты музыкадан кейін уақытша өтеді, ал ұзаққа созылса, дәрігерге қаралу керек, өйткені бұл жай ауру емес, басқа мәселелердің белгісі.Бұл туралы дәрігер Екатерина Приказа айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Негізгі себептері қандай?

  • Құлық тығыны (серная пробка) – құлақ бітелуі, естудің төмендеуі, бас айналу қосылуы мүмкін.
  • Құлақ жарақаты, баротравма – ұшу/қону, сүңгу, қатты жарылыс, құлақ жарғағының зақымдануы.
  • Өте қатты дыбыс/діріл әсері – өндірістегі шу, ұзақ вибрация ішкі құлаққа зиян келтіреді.
  • Қабыну (отит) – ауырсыну, бөлінді, қызу, естудің нашарлауы болуы мүмкін.
  • Ішкі құлақ инфекциясы (лабиринтит) немесе Меньер ауруы – бас айналу, құлақ бітелуі, құлақта қысым сезімі қатар жүруі ықтимал.
  • Жасқа байланысты өзгерістер – көбіне егде жаста, жиі екі жақты және естудің төмендеуімен бірге.
  • Ісік (есту жүйкесінің невриномасы) – сирек, әдетте бір жақты, уақыт өте күшеюі мүмкін.
  • Нейросенсорлық кереңдік – ересектердегі есту жоғалтудың жиі себебі, бастапқыда байқалмай өтуі мүмкін.

Құлақтан тыс себептер:

  • Гипертония (қысым күрт көтерілсе)
  • Мойын остеохондрозы (қан тамырлары қысылып, қан айналымы нашарласа)
  • Ми тамырларының атеросклерозы
  • Дәрілердің жанама әсері (кей антибиотиктер, кей статиндер, диуретиктер, антидепрессанттар, тіпті аспирин)

Құлақтағы шудан қалай құтылуға болады?

Құлақтағы шудан құтылатын әмбебап әдіс жоқ. Тиннитус жеке ауру емес болғандықтан, емдеу әрқашан дыбыстың өзіне емес, оны туғызған себепке бағытталады. Кейде сыртқы факторды жою жеткілікті (мысалы, құлық тығынын алу), ал басқа жағдайларда мұқият тексеру мен кешенді терапия қажет болады.

Егер құлақтағы шу сирек пайда болып, тез басылса, көбіне қауіпті емес. Бірақ шу тұрақты болса немесе біртіндеп күшейсе, әсіресе оған естудің төмендеуі, бас айналу, құлақтың бітелуі қосылса, дәрігерге міндетті түрде қаралу керек. Клиникалық жағдайға қарай бұл оториноларинголог, невролог немесе терапевт болуы мүмкін. Тексеру құлақ ауруларын, тамырлық бұзылыстарды, неврологиялық себептерді және дәрілердің жанама әсерлерін жоққа шығарып, кейін ең тиімді ем тактикасын таңдауға көмектеседі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget