Танымал әнші Абай Бегей 16 жастағы қызының ұзатуына неге қатыспағанын, қызының тұрмысқа шығуына неге қарсы болғанын айтып сұқбат берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл сұрақтардың жауабын әнші nege.kz сайтына берген сұқбатында айтқан.
Абай Бегей қызын алып қашып кетті деген хабарды естіген кезде ашуланып, артынан қуғыншы жіберген екен. Бірақ үлкендердің айтқанына құлақ асуға тура келіпті.
"Қызым биыл оныншы сыныпты бітірген соң стамотология мамандығын меңгеру үшін колледжге оқуға түскен еді. Содан Ақтауға барғанда осындай жағдай болды. Дегенмен, үлкендер "бағын байлама" деген соң, рұқсатымызды бердік", - деді ол nege.kz тілшісіне берген сұқбатында.
Әншіден қыз ұзату тойына неге қатыспағанын сұрағанда қызының бұл жаста тұрмысқа шығуына оңайлықпен көндіге алмағанын айтқан.
"Басында қарсы болдым. Ата-ана болғаннан кейін оқысын, тоқысын, алды артын танысын дейміз. Бірақ Алла тағала өзі тағдырына жазып тұрса амал бар ма? Тойға қатысуға арнайы келіп отырмын. Себебі, ағайындар келіп, қызыма батамды беруімді өтінді", - деді ол.
Абай Бегей өзінің әйелін де 17 жаста алғанын айтып, қызының төрт айдан кейін сол жасқа келетінін алға тартты.
"Бұйырса, қызым төрт айдан кейін он жетіге толады. Мен де анасын он жеті жасында алдым. Егер қызым он бесте болғанда келісім бермейтін едім. Қазір жібердім не, төрт айдан кейін жібердім не, кететін қыз бәрібір кетеді ғой", - деп жауап берді ол қызының жасы туралы сұраққа.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!