- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Күдік пен күмән...
"Күдік пен күмән бар". Танымал тележүргізуші Айқын Төлепбергенмен қандай туыстық қарым-қатынасы бар екенін айтты
Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген әнші Айқын Төлепбергенмен қандай туыстық қарым-қатынасы бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол әлеуметтік желіде жариялаған "ТОП-5" сұрақ айдарында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Айқын Төлепбергенмен тегіміз бір. Ешқандай туыстық қарым-қатынасымыз жоқ", - деп жауап берді ол.
Сондай-ақ, Дина Төлепберген шоу-бизнес өкілдері той-томалақтарына жиі шақыратынын айтты.
"Шоу-бизнес өкілдері қуаныштарына, той-томалақтарына шақырып тұрады. Ешқашан барған емеспін. Өйткені біреудің дастарханынан ақ нанынан дәм татсам, кейін сол адам туралы редакцияға басқа ақпарат түссе, объективті қарай алмай қаламын ба деген күдік пен күмән бар. Сол себепті көп қарым-қатынастан бас тартамын",- деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы