Қазгидромет 13, 14, 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан аумағына қуатты циклон жылжып келеді. Соның әсерінен ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ, бұрқасын болады.
Жауын-шашынмен бірге жел де күшейеді. Батыс, солтүстік, орталық өңірлерде желдің екпіні секундына 30 метрге дейін және одан да күштірек болуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!