- Негізгі бет
- LifeStyle
- Кітапты көп оқуға...
Кітапты көп оқуға көмектесетін 10 ерекше лайфхак
Кітап оқығысы келсе де, оған уақыт таппайтындар көп. Осы бір жақсы әдетке бұрынғыдан көбірек уақыт арнағысы келетіндер де бар. Мақалада мұны жүзеге асырудың тиімді жолдарын ұсынамыз.
Жақсы фильм көріңіз
Бұл біртүрлі ұсыныс болып көрінеді, солай емес пе? Дегенмен, мұндағы принцип қарапайым: әйгілі кітаптар негізінде көптеген культтік фильмдер түсірілді. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Сіз фильмге ғашық болғаннан кейін, түпнұсқа дереккөзді де білгіңіз келетіні сөзсіз: бұл туындыдан алған ләззатты ұзартудың тамаша тәсілі.
Өзіңізге мансапта шыңдаламын деген талап қойыңыз
Егер маман мансап жолында бар күш-жігерін сарп етсе, ол кітап оқитын уақытты қайдан алады деп сұрау қисынды. Шын мәнінде, қазіргі заманда негізінен өзін-өзі дамыту және оқумен үздіксіз айналысатын қызметкерлер ғана жұмыста табысқа қол жеткізеді. Мысалы, өз салаларындағы зерттеулерді саралап отырмайынша тамаша психолог немесе әлеуметтік медиа менеджері болу мүмкін емес. Ал оны оқусыз жүзеге асыру мүмкін емес дегенді білдіреді. Жалпы, көп ақша табуға деген ұмтылыс бар жерде жеке өсуге бағытталған кітаптарды оқимын деген ниет те болуы керек.
Сүйікті жұлдызыңыздың кітапханасын зерттеңіз
Жасыратыны жоқ, көптеген атақты адамдар кітап оқуды жақсы көреді. Сондықтан, егер біреуді шынымен ұнатсаңыз, сүйікті актрисаңыздың қандай косметика қолданатынына ғана емес, оның қандай әдебиетті оқитынына да қызығушылық танытуыңыз керек. Біріншіден, бұл сіздің кумиріңіздің қандай адам екенін жақсы түсінуге мүмкіндік береді, ал екіншіден, бұл білімге бонус болады.
Лекцияларға қатысыңыз
Бүгінгі таңдағы белең алған іс-шаралардың бірі – түрлі жерлерді өткізілетін дәрістерге қатысу: жаңа кітаптың шығуы, көрменің ашылуы, көптен күткен фильмнің премьерасы. Егер сіз әлі осы трендке қосылмаған болсаңыз, сіз мұны міндетті түрде қолға алуыңыз керек, содан кейін сіздің үйіңізде кітаптар өздігінен-ақ пайда болады, өйткені лекторлар, әдетте, өз пікірлерінбілдірерде әрқашан әдеби шығармаларға сілтеме жасайды.
Балаңыз не іні-сіңлілеріңізбен сабақ оқыңыз
Кітаптарды күнделікті өмірге қайтарудың тағы бір жолы - баламен үй тапсырмасын орындау. Осылайша әдебиет бойынша мектеп бағдарламасын қайтадан өтуге болады (бұл ешкімге артық болмайды), эссеге көмектесу, классикалық кейіпкерлерді мысалға ала отырып әңгіме айту.
Аудиокітап тыңдау
Аудиокітаптарды тыңдау туралы кеңес барлығына пайдалы: біріншіден, жұмысқа бара жатқанда немесе үй шаруасымен айналысып жүргенде кітап тыңдауға мүмкіндігіңіз болса, бұл уақытыңызды үнемдейді. Екіншіден, егер бұл формат сізге сәйкес келмесе, сіз басталған романда мәселе қалай аяқталғанын білу үшін сатып аласыз.
Әдебиетшілер аккаунтына жазылу
Бұл ашық дәрістерге баруға уақыты жоқ, бірақ әдебиет туралы жаңа нәрсе білгісі келетіндерге арналған нұсқа. Біз сізге кітап әлеміндегі беделді адамдарға жазылуға кеңес береміз. Мысалы, олардың қатарында үнемі кітаптарға қысқаша шолу жазатындар көп.
Достарыңызбен әдеби клуб құрыңыз
Ескі болса да, тиімділігі дәлелденген әдіс. Алдын ала бірнеше айға жоспар құрып, клуб мүшелерімен бірге таңдаған кітаптарыңызды міндетті түрде оқып бітіретін боласыз, өйткені келесі кездесуде соны талқылайсыздар. Мәтінді бірлесіп талқылау өте қызықты болары сөзсіз.
Күніне 20 минут кітап оқыңыз
Өздеріңіз білетіндей, әдет тұлғаның екінші болмысы саналады. Сондықтан екі-үш апта бойы күн сайын 20 минут кітап оқи алсаңыз (немесе жұмысқа бара жатып оқысаңыз), сіз кітаптарды шынымен сағынатын болып аласыз.
Ерекше кітапхана немесе кітап дүкенін табу
Кітаптарды атмосферасы әдемі жерден сатып алу оны оқуға деген құлшынысты арттыра түседі.
А. Оралқызы