- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Кішкентайымда әкемнің қасында...
"Кішкентайымда әкемнің қасында жүретін едім". 17 жыл құлдықта болған қыздар алғаш рет ата-анасы туралы сыр шертті
Түркістан облысында апалы-сіңілі қыздар ұзақ уақыт бойы еңбек құлдығында болған еді. Бұл жағдайды қыздардың сыныптастары "Көреміз" бағдарламасына айтқан болатын. Бүгінде олар Алматыда арнайы ем алып жатыр. Қыздар алғаш рет ата-анасы туралы сыр шертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мамам да, папам да жақсы еді. Кішкентайымда әкемнің қасында жүретін едім. Құндыз ол кезде кішкентай еді", - дейді Назгүл.
Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай желідегі парақшасында бөлісті.
"Апалы-сіңлінің жаңа өмірінен үзінді. 5 ай бойы бақылауымызда жүрген қыздар бірде-бір рет ата-анасы жайлы сөз қозғамаған еді. Олардың жандарын жараламау үшін біз де ләм-мим демедік. Алайда күні кеше Назгүл ата-анасы жайлы сыр шертті… Өткен күндер туралы естеліктер ақтарып, марқұм ата-анасымен бірге өткізген күндері жайлы айтып берді.
Расымен осы жазбаны көріп, шын қуандым. Айтылған ақпараттар үшін емес, әсте. Қыздар жаңа өмірге үйренісіп, бізге қысылмастан сыр шертетін күнге жетті. Осы үшін дән ризамын. Ал біз ем-домды әрі қарай жалғастырамыз. Қыздардың бастан өткерген қиындықтардан қуат алып, бұдан да мықты болатынына сенемін!
Себебі Назгүл мен Құндыз әкелері Сұлтанбектің ғана емес, күллі қазақтың аманатына айналды", - деп жазды журналист.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек