Ресейлік журналист Ксения Собчак өзінің Астанадағы әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот отырысына келуіне қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Голос народа" сілтеме жасап.
Журналист өзін тараптардың ешқайсысы шақырмағанын айтты. Оның сөзінше, журналистің түсірілім тобы осы сот процесі туралы "үлкен оқиға" түсіріп жатыр.
Сондай-ақ, ол сот отырысы кезінде өзіне "артықшылық" берілгені туралы ақпаратқа пікір білдірді.
"Бүгін қазақстандық және ресейлік БАҚ Қазақстанның экс-министрі Бишімбаевтың сотында маған "артықшылық" берілгені туралы жаза бастады. Біздің қорғаныс тарапқа арналған орында отырғанымызды, ал басқа журналистер тұрып тұрғанын атап өткен.
Достар, біз бұл тақырыпты көптен бері зерттеп келеміз, Салтанаттың өлімі туралы бірінші күннен бастап жаздық.
Біз бұл тақырып туралы үлкен оқиға түсіріп, процесті тәуелсіз журналистер ретінде жариялаймыз, біз ешкіммен байланысты емеспіз", - деп жазды Ксения Собчак.
Ксения Собчак 22 сәуірде Астанада өткен сот отырысы "шынымен де керемет" болғанын атап өтті.
"Бізді сотқа тараптардың ешқайсысы шақырған жоқ. Мен Жоғарғы сот арқылы аккредиттеу рәсімінен өттім, менің тобым Жоғарғы соттың баспасөз хатшысымен байланыста болды. Біз бізді отырғызған орынға отырдық. Бүгінгі сот отырысы шынымен де керемет болды. Бұл туралы біраз уақыттан кейін міндетті түрде айтамыз", - деп түйіндеді журналист.
Еске салайық, бұған дейін Бишімбаевтың сот отырысына Ксения Собчак келгені хабарланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!