- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Кредитімді жаптым": Стендапер...
"Кредитімді жаптым": Стендапер Жансая Мұратбекова әзіл айтып алғашқы 1 миллион теңгесін қалай тапқанын айтты
Стендапер, сценарист Жансая Мұратбекова осы салада алғашқы 1 миллион теңгесін қалай тапқаны туралы "Dope soz" бағдарламасына берген сұхбатта айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, бұл ақшаға ломбардтағы затын алып, кредиттерін жапқан.
"Қазақша Standup қатысушыларына барлығымызға әдемі киініп, бір-бір монолог дайындап келуді тапсырды. "Жеңімпаз атансаңдар, сахнада оқисыңдар" деп айтты. Ал жеңімпаз болған адамға 1 миллион теңге берілетін еді. Ломбардта заты тұрған, кредиті бар мен үшін бұл өте үлкен ақша еді. Оның үстіне жігітімнің (Дидардың – ред.) соңғы 30 мың теңгесіне киім алдым. Ол кезде әлі отау құрмаған, қыз-жігіт боп жүрген кезіміз. Дидар "мынаның бәрін қалай төлеймін?" деп қиналды. "Егер жолым болып, жеңсем, осының бәрін жабамын, екінші рет мұндайға жоламаймыз" дедім. Сөйтіп, дайындалып бардым. Бірақ қатты қорықтым. Үзілістен соң үздік үштікті анықтайық деп, үлкен лэд экраннан көрсетті. Оның екеуі де кәсіби мамандар. Үшіншісіне мені шығарғанда, қатты қобалжыдым. Сөйтіп, әзілдерімізді айтқызды. Қасымдағы екі жігітті көріп жүрген блогер, вайнерлер огіттер, ренжімеңдер, Жансая" деп хабарлаған кезде бүкіл эмоциям шықты. Не істерімді білмей қалдым. Қолым дір-дір етті. Сөйтіп, 1 миллионды алып, жігітіме бердім де, "бәрін жап, ломбарды, кредиті құрсын" дедім. Үстіме ең қылардың әзіліне қатты күлді, қолдады. Мені танымағандықтан әзілдеріме күлмеді. Уайымдап отырдым. Бәрі бітіп, сахнаға жеңімпазды жариялауға шыққанда конвертті ашты. "1 миллион теңге басты ұтысты жеңіп алады, жімбат 40 мыңдық сырт киім алдым. Себебі, сол уақытта мұндай сомаға киінбегендіктен, ол ең қымбаты еді" , - дейді Жансая Мұратбекова.
Стендапер бұл салада мүлде ақша жоқ екенін атап өтті.
"Көбіне тұрмыстық тақырыптарды жиі қозғауға тырысамыз. Себебі тұрмыста да, сахнада да әйелді кейбір адамдар белгілі бір деңгейде шектеп жатады. Күйеуім осы нәрсені айтуымды қалады. Сонымен, бір адам болса да әйеліне дұрыс қарасын деген мақсатта сондай тақырыптарды алып шығуға тырысамыз. Негізі, әкемнің есімін шығарсам деген арманым болатын. Шүкір, қазір жеткілікті түрде аталып жатыр деп ойлаймын. Бастысы пайдамыз тиіп, сөзіміздің біреуге әсері болса деген мақсатымыз бар. Кейбір адамдар "осылар болмайтын жерден ақша істеп жатыр" деп ойлайды. Маған сеніңіздер, Standup-та мүлде ақша жоқ", - деді ол.
Еске салайық, Желіде Алматыдағы барлардың бірінде стендапер қыздарды жезөкшелер деп айыптаған видеосы тарады.
А. Жапатова