- Негізгі бет
- LifeStyle
- Краб таяқшаларын неден...
Краб таяқшаларын неден дайындайды?
Краб таяқшаларын көпшілік ойлағандай краб етінен дайындамайды. Биолог Ирина Лялина бұл өнім негізінде неден дайындалатынын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, краб таяқшалары краб етінен емес, балық фаршынан немесе соя протеинінен жасайды. Бұл өнімде дәрумендер мен минералдардың аз мөлшері болады.
"Краб таяқшаларында краб еті болмайды, ол балық фаршынан дайындалады. Кейде фаршты соя протеинімен ауыстырады, бұл кезде ол балық өнімі болмайды. Краб таяқшаларында ақуыз, кей дәрумендер мен минералдар болуы мүмкін. Алайда сондай-ақ кейде қоспалар, бояғыштар және басқа да зиянды ингредиенттер болады", - дейді биолог.
Краб таяқшаларының жалғыз пайдасы - олардың төмен калориялы болуы. Алайда маман оны аптасына бір реттен көп жемеуге кеңес берді. Сондай-ақ оны сатып аларда оның құрамын мұқият оқуға кеңес берді.
Оқи отырыңыз: Мұсылмандарға асшаян (креветка) жеуге бола ма?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова