Көзіңіз қарауыта ма? Дәрігер оның себебін түсіндірді

Көру қабілетінің нашарлауы қан қысымының жоғарылауының алғашқы белгісі болуы мүмкін. Бұл туралы офтальмолог Ирина Зимина мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап. 

"Аурудың өзге белгілері әлі байқалмаған кезде көз түбіндегі өзгерістер қан қысымының тұрақты түрде жоғарылағанын аңғартуы мүмкін", – дейді дәрігер.

Маманның айтуынша, қан қысымының ұзақ уақыт бойы жоғары болуы көздің қан тамырлары мен тор қабығының зақымдануына әкелуі мүмкін. Мұндай жағдайда қан тамырлары тарылып, көз алдында ұсақ қара дақтар пайда болады немесе көру қабілеті кенеттен нашарлайды.

Дәрігер гипертонияны дер кезінде емдемесе, аурудың асқына түсетінін ескертті. Салдарынан адамның көру қабілеті төмендеп, көзі қызаруы, басы ауыруы және көзі тез шаршауы мүмкін.

"Ауру асқынған кезде көзге қан құйылып, көру қабілеті күрт төмендеуі, тіпті адам көз жанарынан айырылуы мүмкін", – дейді офтальмолог.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз