Домбырашылар футболдан Қазақстан құрамасына Солтүстік Ирландия құрамасына қарсы ойында қолдау көрсетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Домбырашылар керемет көріністің видеосын әлеуметтік желіде жариялады.
"Жеңіс құтты болсын. Ұлттық құрамаға 100 домбырашы 90 минут тоқтаусыз қолдау көрсеттік", - деп жазған домбырашылардың бірі.
@aididau.official Жеңіс құтты болсын @Kazakhstan ?? ♬ оригинальный звук - Aididau❤️?
Желі қолданушылары көзсүйсінтер көрініске жылы лебіздерін жазған:
Біреулер домбырамен, біреулер сөзбен қолдау көрсетіп, ел болып жұрт болып, әйтеуір алып шығыпсыңдар ғой;
Еріксіз көзге жас келеді екен;
Домбыра сөйлеп тұр ғой;
Жарайсыңдар!
Еске салайық, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы "Астана Аренада" Солтүстік Ирландия құрамасын ұтты. Ойында отандастарымыз 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстан құрамасына жеңіс сыйлаған голды 27-минутта Максим Самородов соқты. Оның айып алаңы сыртынан жерлете тепкен добы қонақтар қақпасының торында тулады.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен кәсіби бокс жұлдызы Геннадий Головкин Қазақстан құрамасының матчіне тамашалады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жылы лебізін білдіріп, қоқыс жинап шыққан елордалық еріктілер мен белсенділерге алғыс айтты.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!