Косметолог Мария Кузьмина көздің айналасы неге ісінетінін түсіндірді. Ол бұл мәселенің көпшілік біле бермейтін себептерін РИАМО басылымына берген сұхбатында атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Маманның айтуынша, көз айналасының ісінуіне ұйқының қанбауы, көзді жиі уқалау әдеті, кешке гаджеттерді ұзақ пайдалану, сондай-ақ ұйықтар алдында алкоголь ішу немесе тұзды тағам жеу әсер етуі мүмкін. Бұдан бөлек, көз астындағы ісік хош иісті күтім құралдарын жиі ауыстырудан да пайда болуы ықтимал.
"Ісінудің алдын алу үшін ұйқы дұрыс болу керек, тұзды шамадан тыс қолданбау, жеткілікті мөлшерде су ішу және тұрақты, жұмсақ күтім маңызды", - деп қосты маман.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!