"Қой, сиыр, жылқы еті". Дәрігер қызыл етті шамадан тыс тұтыну онкологияға шалдықтыратынын айтты

Қатерлі ісік көптеген адам үшін қатаң үкім сияқты. Бірақ қатерлі ісіктің ең соңғы сатысын да емдеуге болады. Ол үшін қажетті емдеу курсын өтіп қана қоймай, бірқатар нақты ережені сақтау маңызды. Дәрігер-онколог Бота Қуанова желідегі парақшасында қатерлі ісік ауруына шалдыққан науқастар міндетті түрде назар аударуы керек бірнеше кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маман ең алдымен қатерлі ісік ағзада қашан пайда болатынына жауап берді. 

"Адам ағзасы аурудың басталуына тиімді, ыңғайлы орта болып тұрған кезде ғана сол ауруға шалдығады. Қатерлі ісік пайда болуы үшін сіздің деніңіздің саулығы едәуір төмен жағдайда болуы керек", - деді Бота Қуанова.

Дәрігердің айтуынша, онкологиямен ауратын адамдар ас мәзірінен бірқатар өнімді алып тастауы керек. Әйтпесе ауру одан әрі асқынып, күрделі санатқа өту қаупі бар.

"Онкологиямен ауыратын адамдардың ас мәзірінде қант, сүт және глютен болмауы, ең болмағанда азаюы керек. Себебі, ағзада инсулиннің көп болуы, яғни қантты ыдырататын гармондардың бөлінуі қатерлі ісіктің дамуына, асқынып, күшеюіне ықпалын тигізеді. Еліміздегі азаматтардың тамағының 50-70 пайызы осы ұн, сүт, қанттан тұрады. Сол себепті азғаның экожүйесін өзгерту керек", - дейді онколог.

Адамның жейтін тамағының көп бөлігі ұн, қант, тәттілер және қызыл еттен тұратын болса, оның қатерлі ісік ауруына шалдығу ықтималдылығы жоғары дейді дәрігер.

"Бұл ауруға шалдыққан науқастар ас мәзіріне аса ден қойып, қантты азайтуы керек. Ағзадағы инсулиннің мөлшерін көтеретін тағамдардан бас тартқан жөн. Ол қант емес, бал, нан, тіпті жеміс-жидек болуы да мүмкін. Егер өнім ағзадағы глюза, қант мөлшерін көтеретін болса, ол онкологиялық ауруға шалдықтаратын бірден бір зат", - деді маман.

Сонымен қатар, Бота Қуанова адам денесінде инсулинге сезімталдық ұғымын түсіндіріп, қатерлі ісікпен ауыратын адамдарға кеңес берді.

"Біріншіден, инсулинмен күресеміз. Адамда инсулинге сезімталдық деген бар, сонымен күресу керек. Екіншіден, бауырдың детокс қызметін арттыру керек. Ол үшін қандай тағамдар жеу керек? Мысалы, расторопша, қазақтарда қолжетімді өнім. Қосымша бауырдың өзін шығару қызметін күшейтетін хлорелла. Ағзаңызда у толып кеткендіктен, токсиндерді сыртқа шығару күшін арттыру керек. 

Тағы бір өнім ол - кориандр кинзаға ұқсас, ерекше дәмі бар. Оның ағзадағы умен күресуге күші жетерлік. Ауыр металдарды өзіне сіңіріп, сыртқа шығуға көмектеседі. Тағы бір түрі - асжапырақ(шпинат), түрлі смузилер жасап ішу. Асжапырақтың құрамында аурудың тамырларын азайтатын күш бар. Бауырдың детокс жұмысын күшейтуші тағы бір өнімдер сарымсақ және пияз. Олар онкологияға қарсы күресті күшейтуші тағамға жатады", - деді маман.

Онколог қатерлі ісіктен ауратын адамдарға қызыл еттің қауіптілігін де атап өтті.

"Қазақтардың қызыл етті(қой, сиыр, жылқы еті) шамадан тыс тұтынуы ағзаға зиян. Арасында тауық, балықтың да етін араластырып тұру қажет немесе мүлде етсіз тамақтанған жөн. Себебі, қызыл етті шамадан тыс көп жеу тік және тоқ ішектің қатерлі ісігіне шалдығуы қаупін арттырады. Сол үшін аптасына кем дегенде 3 рет қызыл еттен бас тартайық", - деп қорытындылады Бота Қуанова.

Айта кетейік, бұған дейін қатерлі ісік ауруын тудыруы мүмкін 6 әдет туралы хабарланған еді.

Тағы да оқи отырыңыздар: Ата-анасының ажырасуы балаға қалай әсер етеді?

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!