- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Көшеде жалғыз өзі...
"Көшеде жалғыз өзі еңбектеп жүрген": Түркістан облысында 10 айлық сәби табылды
Түркістан облысында жоғалған 10 айлық сәби табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Таңғы сағат 9:00 шамасында Бәйдібек аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласқан. Ер адам көше бойында 1 жасқа толмаған сәби бір өзі еңбектеп жүргенін хабарлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқиға орнына бірден жеткен полицейлер бірінші кезекте кішкентай баланың жағдайын біліп, одан әрі сәбидің туыстарын іздеуге кіріскен.
"Тәртіп сақшылары аудан көшелерін тексеріп, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде полицейлер бір сағат ішінде кішкентай бөбектің тұрғылықты мекенжайы мен анасын анықтады. Анасы үй шаруасымен жүргенде, 10 айлық бүлдіршін ашық тұрған есіктен еңбектеп шығып, үйінен ұзап кеткені анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова