- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қош келдің, ботам"....
"Қош келдің, ботам". Алтынай Жорабаева сәбиінің жынысы мен есімін айтты
Танымал әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында бесінші қызына қандай есім бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші қызына Амина деген есімді таңдаған.
"Амина Алишерқызы. Қош келдің, ботам. Бес қызым - бес бармағым. Барлық мақтау мен мадақтар, тек бір Аллаға ғана тән. Қымбатты тілекшілерім, сіздердің "аман-есен жаның қалсын" деген тілектеріңіздің маған қандай демеу болғанын білсеңіздер ғой. Босанып жатқан әйелдің бір аяғы жерде, бір аяғы көрде дегендей, өмір мен өліммен арпалысып, сәбиді дүниеге әкелу - үлкен жеңіс", - деп жазды өнер иесі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көпшілік оның қуанышына ортақтасып, жылы лебізін арнады.
"Құттықтаймыз. Бауы берік болсын", "Аллаға сансыз шүкір! Аман-есен болыңдар! 4 бірдей сұлу, ақылды әпкелері бар Амина қызымыз қандай бақытты!", "Бауы берік болсын. Аяқ-қолыңызды тез жинап, балапанның қызығын мырзаңызбен тең көріңіз", - деп жазды олар.
Еске салайық, бұған дейін Алтынай Жорабаева бесінші перзентін дүниеге әкелгені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова