Қорыл - ағзаның зиянсыз "ерекшелігі" емес, ауыр дерттің белгісі болуы мүмкін. Мұны Татарстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері, профессор-невролог Эдуард Якупов ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Якуповтың сөзінше, қорыл - ұйқы кезінде адам тынысының аз ақытқа тоқтауы. Кейіде ол бірнеше секундтан бір минутқа дейін, тіпті одан да ұзаққа созылуы мүмкін. Невролог мұндай сәттерде қандағы оттегі деңгейі күрт төмендеп, бұл ми жұмысына кері әсер ететінін түсіндірді.
"Мұны тұншығумен салыстыруға болады: қан да, оттегі де жеткіліксіз болады. Ми қауіп-қатерді сезіп, соған жауап ретінде кортизолдың бөлінуі артады, қан қысымы көтеріледі де, ағзада күрт стресс реакциясы іске қосылады", - деді ол.
Маманның айтуынша, кейінгі жылдардағы зерттеулер мұның инфаркт, инсульт және қатерлі ісік даму қаупін 4–6 есе арттыратынын растайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Massaget.kz