- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қорыққанымнан оянып кеттім"....
"Қорыққанымнан оянып кеттім". Жамбыл облысының тұрғынына түсінде анасы аян берген
Жамбыл облысының тұрғыны әдеттегі хоббиін табысты бизнеске айналдырған. Ол қазақтың ұлттық бас киімдері мен көрпешелер тігеді, сондай-ақ түрлі тойбастар сыйлығын жасайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ktk.kz арнасына сілтеме жасап.
49 жастағы Сабыркөл Сергелбекова бірнеше жыл бұрын қолөнермен айналыса бастаған. Көрпешелерді тігуді ғаламтордан қарап, үйренеді. Айтуынша, басында қиын болған. Ал қазір оның қолөнер бұйымдарында ұлттық ою-өрнектің 30-дан астам нұсқасы бар.
Сабыркөл күйеуі Алмастың басты көмекшісі әрі серігі екенін айтты.
"Мен іс тігіп жатқанда, ол тамақ дайындайды, тазалайды және бақшаны қарайды", - деді шебер.
Үш баланың анасының айтуынша, бұл кәсіпті қолға алуына мұқтаждық мәжбүр еткен. Төрт жыл бұрын Сабыркүл жұмыссыз қалған.
"Ол кезде ақшадан қатты қиналдық. Балаларды тамақтандыру, киіндіру керек болды. Мен Таразға азық-түлікке несие алу үшін бардым. Бірақ олар маған беруден бас тартты. Үйге автобуспен қайттым. Көлікте отырып ұйықтап кетіппін. Түсімде анамды көремін. Ол маған бірнеше рет: "Тігінмен айналыс!" деп қайталады. Қорыққанымнан оянып кеттім. Жан-жағымда ешкім болмады. Үйге келіп, тігінмен айналысып көрейін дедім. Басында қиын болды. Алғашқы үш көрпешені сол кезде 15 мың теңгеге саттым", - деп бөлісті қолөнерші.
Сабыркөд қазір тапсырыстардың үздіксіз түсетінін айтты. Қолдан жасалған бұйымдарын ол бүкіл Қазақстан бойынша әлеуметтік желілер арқылы сатады. Сондай-ақ, мұқтаж адамдарға көмектеседі. Жақын арада пішу және тігу курстарын ашуды армандайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы