- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Көріп қуанып отырмын“....
“Көріп қуанып отырмын“. Жүрсін Ерман республикалық айтыстардың бірінде көзге түсті
Ақын, айтыстың абызы Жүрсін Ерман республикалық айтыстардың бірінде көзге түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақынның біраз уақыт денсаулығы нашарлап, ел алдына шықпаған еді, ал кейінгі кезде айтыссүйер қауыммен марапаттау рәсімдерінде көрісе бастады. Бұл жолы Төлеу Көбдіковтің 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысына келген. Аламанда бас жүлде Дидар Қамиевке бұйырған.
"Халық ақыны Төлеу Көбдіков атамыздың 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысынан бас жүлде бұйырды. Барша жүлдегер ақын әріптесімді құттықтаймын!" - деді Дидар Қамиев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Көпшілік ақынды марапатымен құттықтап, оған қоса Жүрсін Ерманды көргеніне қуанышты екенін айтты.
"Жүрсін ағаны көріп қуанып отырмын. Алла денсаулық берсін, ағамыз аман болсын, Жүрсін Ерман ағамыз үшін қуаныштымын", - деді олар.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова