Қазақстандық танымал әнші Мадина Садуақасова іссапармен Душанбеге кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алматы әуежайынан видео жариялаған әнші: "Тәжікстанға бірінші рет бара жатырмын. Көрейік, көрмеген елді", - деді.
Араға біраз уақыт салып әнші Тәжікстанға аман-есен жеткенін хабарлап "Душабеден сәлем" видеосын жариялады.
Мадина Садуақасова бұл іссапарға жалғыз кетпеген. Оның жанында отандық танымал актер Әділ Ахметов те бар.
"Бұған дейін Әділмен бірге Ақтөбеге барғанбыз", - деп мәлімдеді Мадина Садуақасова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!