Kezdesu-дің кезекті қонағы - актер, әнші Мақсат Рахмет. Өнер иесі сұхбат барысында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мақсат Рахметтің айтуынша, жұбайымен 15 жасында танысқан.
"15 жаста, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының колледжіне тапсыру кезінде таныстық. Колледжде группалас болдық, 4 жыл академияда группалас болдық. 2005 жылы таныстық, 2006 жылы оған сөз салдым. 7 жыл жүрдік. 7 жылдан асқан кезде отбасын құрдық. Отбасын құрғанымызға 12 жыл болды", - деді ол.
Актер әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынаста ең басты нәрсе не екенін айтты.
"Жауапкершілік. Ең қарапайым нәрсе бар. Біз әлімсақтан қазақпыз, әлімсақтан мұсылманбыз. Әйел адамның жұмағы ер адамның разылығында. Ер адамның жұмағы ата-анасының разылығында. Осы мәмілеге келіскен отбасында ештеңе болмайды деп ойлаймын. Өкінішке қарай, қазір жігіттеріміз майдаланып жатыр, сондай жаңалық көбейіп кетті. Бәріне топырақ та шашылып жатқан кез аз емес. Отбасын алып жүрген, таңның атысы, кештің батысы бала-шағаның қамы деп жүрген ер азаматтар да жеткілікті. Ондай жаңалық, ондай отбасылар ешкімге қызық емес. Елдің бәріне хайп керек. Көпшілікті кімнің шаңырағы ойран болғаны ғана қызықтырады", - деді ол.
Сұхбаттың толық нұсқасын YouTube арнадан көре аласыздар.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз