Танымал әншілер Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова ұлын үйлендіріп, келін түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жұлдызды жұптың ұлдары Қазыбектің таңдауы Асылы есімді аруға түскен. Жазира Байырбекова көптен күткен қуаныш тікелей эфирден көрсетілетінін айтты.
"Ең бақытты күнімізге бірге куә болыңыздар. Көпшіліктің сұрауымен тікелей эфир ұйымдастырамыз! Эфир тегін, сондықтан әрқайсыңыз біздің тойды онлайн тамашалай аласыздар", - деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Желі қолданушылары өнер иелеріне жылы лебізін білдіріп жатыр:
"Той тойға ұлассын!", "Жастар бақытты болсын, бәрі керемет болып жатыр, көз тимесін", "Керемет, бізге де жұғысты болсын", "Әр отбасында осындай той болсын".
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz