“Көпшілік гастрит деп ойлайды“. Асқазан қатерлі ісігі туралы не білу керек?

“Көпшілік гастрит деп ойлайды“. Асқазан қатерлі ісігі туралы не білу керек?
Фото: depositphotos.com

Алматы онкология орталығының онкологі Бақыт Мейірхановтың айтуынша, асқазан қатерлі ісігі - ең көп таралған онкологиялық аурулардың бірі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.

Негізгі белгілері қандай?

Маманның сөзінше, көпшілік денсаулығындағы өзгерістерді ұзақ уақыт бойы елемейді, оны гастрит, асқазан жарасы, дұрыс тамақтанбау немесе күйзеліспен байланыстырады. Осылайша медициналық көмекке ауру асқынған кезде ғана жүгінеді.

Онколог үнемі қыжыл болуы, жүрек айнуы, мезгіл-мезгіл құсу, асқазан ауруы немесе жайсыздық, тәбет жоғалуы, себепсіз салмақ жоғалту алаңдаушылық тудыруы керек екенін айтты. Жұтыну қиындауы, тамақ "тұрып қалғандай" сезім, жалпы әлсіздік, шаршау, тері бозаруы және терлеу де маңызды белгілер болуы мүмкін. Дәрігердің айтуынша, көпшілік бұл белгілерді елеулі қауіп ретінде қабылдамайды.

Кімдерге сақ болу керек?

Дәрігердің сөзінше, гастрит және асқазан жарасы сияқты созылмалы асқазан аурулары бар адамдар, сондай-ақ, жасына, генетикалық бейімділігіне, өмір салтына байланысты қауіп тобына кіретін адамдар денсаулығына ерекше назар аударуы керек.

Маман кеңесі

"Алаңдатарлық белгілер пайда болса, дәрігерге баруды кейінге қалдырмау қажет. Заманауи диагностикалық әдістер ауруды ерте анықтауға мүмкіндік береді", - деді дәрігер.

Маман аурудың алдын алу да маңызды рөл атқаратынын жеткізді: дұрыс тамақтанған, зиян әдеттерден бас тартқан және ағзадағы сигналдарға мұқият назар аударған жөн.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget