- Негізгі бет
- LifeStyle
- денсаулық
Көпшілік біле бермейтін іштегі майды кетіретін өнімдер
Іштегі май - кең тараған проблема, ол көпшілік адамда кездеседі және жүрек ауруы немесе диабет секілді түрлі аурулармен байланысты болуы мүмкін. Майды бірден жойып жіберетін сиқырлы өнім жоқ, бірақ зат алмасуды жылдамдататын және артық салмақтан арылуға ықпал ететін өнімдер бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Чиа дәндері
Чиа дәндерінің құрамында жасұнық пен ақуыз көп. Сондықтан ол тоқтық сезімін сыйлайды. Ал оның құрамындағы омега-3 май қышқылдарының жоғары мөлшері ағзадағы қабынуды азайтуға көмектеседі, бұл ішке майдың жиналуымен күресуге пайдалы.
Көк шай
Көк шай өзінің антиоксиданттық қасиеттерімен танымал. Ал оның майды жақсы жағатынын көпшілік біле бермейді. Оның құрамында метаболизмді жылдамдататын және жаттығу кезінде майдың тотығуын жақсартатын қосылыстар - катехиндер бар.
Ащы бұрыш
Ащы бұрыштың құрамында капсаицин бар, ол тағамға дәм беріп қана қоймайды, сонымен қатар метаболизмді уақытша күшейтіп, калорияларды жағуы мүмкін.
Киноа
Киноа - ақуызға және талшыққа бай дәнді дақыл, ол сізге ұзақ уақыт тоқ жүруге көмектеседі. Оның құрамында сау метаболизмге ықпал ететін маңызды аминқышқылдары мен қоректік заттар бар.
Грек йогурты
Грек йогурты - пробиотиктер мен ақуыздың көзі. Пробиотиктер ішек саулығын жақсартады, бұл салмақты бақылауға және іштегі майды азайтуға ықпал етеді.
Шпинат
Шпинаттың калориясы төмен, бірақ қоректік заттар мен талшықтарға бай. Оның жоғары антиоксидантты құрамы қабынумен күресуге көмектеседі, бұл дұрыс салмақты сақтауға ықпал етеді.
Куркума
Куркума құрамында күшті қабынуға қарсы және антиоксиданттық қасиеттері бар куркумин бар. Кейбір зерттеулер оның метаболизмге оң әсер ету арқылы іш аймағында майдың жиналуын азайтуға көмектесетінін көрсетеді.
Ескерту: кей өнімдер аллергия беруі мүмкін.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Жапатова