- Негізгі бет
- LifeStyle
- “Көпбалалы анамын“. Аша...
“Көпбалалы анамын“. Аша Матай қуанышты жаңалығын бөлісті
Танымал әнші, тележүргізуші Аша Матай әлеуметтік желіде жақсы жаңалығын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аша Матайдың айтуынша, ол Баян Мақсатқызының Алма есімді кішкентай қызына кіндік шеше болған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Алма деген тәтті қыздың кіндік шешесі болып тағайындалдым! Тұрсен жездем мен Баян тәтем біраз ойланып, қабылдаған шешімдері екен. Баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, ақылы, адамгершілігі, еңбекқорлығы Кіндік шешеге тартады деген түсінік бар. Саған ұқсаса, жаман болмайды, дейді. Мен үшін, бұл үлкен қуаныш, абырой, Аллаға шүкір! Көпбалалы анамын, енді менің 6 қызым бар!", – деп жазды Аша Матай.
Баян Мақсатқызы мен оның күйеуі Тұрсен Алагөзов Аша Матайға кіндік шеше болғаны үшін әшекей сыйлаған екен.
Желі қолданушылары Аша Матайды кіндік шеше болуға лайық деп санайтындарын жазып жатыр.
"Аша шынымен ақкөңіл, кең адам маған ұнайды", "Жұғысты болсын", "Жарайсыз, Аша! Сізге қызығамын, жақсы жағынан. Сондай көріктісіз, сыпайысыз, мінезіңізге тәнтімін" деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Еске салайық, Аша Матай мен күйеуі Арман Қоңырбаевтың екі қызы бар. 2016 жылы Асылым, ал 2020 жылы Айым есімді қыздарды өмірге әкелген.
Оның жазбада 6 қыз деп жазғанын Баян Мақсатқызының 4 қыз тәрбиелеп отырғаны себеп болды деп топшылайды желі қолданушылары.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева