Көп ұйықтаудың зияны бар болып шықты

Көп ұйықтаудың зияны бар болып шықты
Фото: depositphotos.com

Невролог Владимир Мартынов көп ұйықтаудың қандай қаупі барын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

Владимир Мартынов ұзақ ұйқы инсульт қаупін арттыратынын мәлімдеді.

"Күніне 10 сағаттан артық ұйықтау гипотиреоз, депрессия, апноэ синдромы сияқты жасырын аурулардың симптомы болуы мүмкін. Сондай-ақ, тым ұзақ ұйықтау инсульт, қант диабеті, тіпті мезгілсіз өлім қаупін арттырады", - деп ескертті ол.

Маман адам ағзасы әдетте ұйқының дұрыс мөлшерін өзі көрсететінін жеткізді. Адам күніне 10-12 сағат ұйықтаса да, сергек жүрмесе, медициналық көмекке жүгінуі қажет.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі ересектер мен балалар қанша сағат ұйықтағаны жөн екенін айтты.

Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті бұл сауал адамның жасына байланысты екенін мәлімдеді:

  • жаңа туған нәрестелер (0-3 ай): 14-17 сағат;
  • сәбилер (4-12 ай): 12-16 сағат;
  • 1-2 жастағы балалар: 11-14 сағат;
  • 3-5 жастағы балалар: 10-13 сағат;
  • 6-12 жастағы балалар: 9-12 сағат;
  • 13-18 жас аралығындағы жасөспірімдер: 8-10 сағат;
  • ересектер, яғни 18-64 жастағылар: 7-9 сағат;
  • 65 жастан асқан қарттар: 7-8 сағат.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget