- Негізгі бет
- LifeStyle
- "Қолындағы қуыршақ па?"...
"Қолындағы қуыршақ па?" Төреғали Төреәлінің әйелі сынға қалды
Жақында ғана алтыншы баласын өмірге әкелген Төреғали Төреәлінің әйелі әлеуметтік желіде сынға қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасына ата-анасымен, әйелімен және алты баласымен видео жариялап, халық сүйсінетін отбасының образын көрсетуге тырысқан сияқты.
Алайда оқырмандардың көпшілігі Төреғалидің әйелі Толқынның жаңа туған нәрестені бір қолымен ұстағанын сынап, пікір қалдырған.
"Толқын баланы қалай ұстап тұр, кукла сияқты ғой, әлі мойны қатпаған бала", "Бар көзім Толқынның қолындағы бөпеде болды, қорқынышты екен, құлап қалмаса екен деп алаңдап отырдым", "Видео біткенше екі көзім Толқынның қолындағы баланың басында болды ғой, кукла шығар", "Толқынның қолындағы қуыршақ па бір қолмен ұстап тұр ғой" деп жазып жатыр оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Д. Ибраева