Көптеген автокөлік жүргізушілері көлікті таза ұстау міндетті деп санайды. Алайда, күйбең тіршіліктен қолы босамай, көлігіне көңіл бөлуге уақыты болмай кетеді. Ал оның салдары көлігіңіздің машина корпусына тікелей әсер етеді. Massaget.kz тілшісі тақырыпты зерттеп көрді.
Ластану машинаға қалай әсер етеді?
Көлікте қалған кір абразивті. Сондықтан уақыт өте келе көліктің бояуының мөлдір жабыны нашарлап, тот басып, түссізденуге алып келуі мүмкін. Әрине кейін әртүрлі дақтар пайда болады. Сонымен қатар, дұрыс тазаланбаған көліктің алдыңғы әйнегі, әсіресе қыста көлік құралын басқару кезінде көруді нашарлатып, жол-көлік оқиғасына әкелуі мүмкін.
Автокөлікті жуу көліктегі кірді кетіруге мүмкіндік береді. Ал балауыз (воск) бен тығыздағышты (герметик) бкөлікке кем дегенде айына бір рет жағу бояудың жоғарғы қабатын зақымданудан қорғауға көмектеседі.
Сарапшылар көлікті екі апта сайын жууды ұсынады. Ыстық ауа-райында күн сәулесінің дене жабынына зиянды әсерін азайту үшін көлігіңізді таңертең тазалаған абзал.Ал қыста керісінше көлікті ылғалды қалдыруға болмайды. Суық мезгілде көлікті оң температурасы бар бөлмеде жуу ұсынылады. Егер мұндай жағдайларды қамтамасыз ету мүмкін болмаса, онда қатты су шашып жууға болмайды. Ол көлік есіктерінің ашылуына кедергі жасауы ықтимал. Сондай-ақ, автокөліктің ішін де жиі тазалау керек. Әсіресе балаларыңыз болса көлікте тамақтанса немесе онда көп уақыт өткізсе тез арада тазалау қажет. Себебі, көлігіңіздің салонына түрлі иіс сіңіп қалуы мүмкін.
Автокөлікті қалай дұрыс жуу керек?
Салонды тазалау үшін кілемшелерді алып тастау керек. Егер олар резеңке болса-шланг пен қысымды сумен тазалаңыз. Қоқыс пен шаңнан құтылу үшін ішін шаңсорғышпен тазалаңыз. Көлігіңіз таза болса, көңіліңізде көтеріңкі болмақ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз