Елімізде қалааралық такси жүргізушілеріне 8 сағаттан артық темір тұлпар тізгінінде отыруға болмайды. Себебі жол апаттарының басым бөлігі шаршау мен ұйықтап кетуден туындайды. Ғалымдардың зерттеуінше жолда 4 сағат бойы үздіксіз жүргеннен кейін автокөлік жүргізушісінің реакциясы 2 есе, 9 сағаттан кейін 7 есе төмендейтіні дәлелденді. Massaget.kz тілшісі алыс жолда ұйықтап кетпеудің 10 тәсілін ұсынады.
Жолаушымен сөйлесу - мидың жұмысын ынталандырудың тиімді әдісі. Ең бастысы олар жолдан көз айырмаса болғаны. Сонымен қатар, жаныңыздағы адам сіздің ұйықтап бара жатқандығыңызды бірден аңғарады. Егер жолаушының қалың ұйқыға кетіп бара жатқанын білсеңіз, дереу көлікті тоқтатыңыз. Өйткені ұйықтап жатқан адам сізге көмектесе алмайды.
Егер сіз көлікте жалғыз болсаңыз ритмі жоғары әуен тыңдау көмектеседі. Көңіл-күйді көтеретін, сергітетін әуендерді тыңдаған дұрыс. Өйткені сүйікті классикалық әндер жүргізушінің ұйықтап кету қауіпін арттырады.
Егер тыңдау дұрыс нәтиже бермесе қатты ән айтып көріңіз. Сөздерді таңдағанда ми ынталанып қан оттегімен қанықтырылады. Бұл дененің тонусын арттырып, ұйқышылдықты жеңілдетеді.
Жолда шәй, кофе, ыстық шоколад жақсы көмектеседі. Бұл сусындар әр адамның денесіне әр түрлі әсер етсе де бір жарым кесе кофе көңіл сергітеді. Ал шәй мен ыстық шоколадтың ұйқы ашуы тым баяу жүзеге асады. Алайда бұл әдіс қысқа уақытқа әсер ететінін есте ұстаған жөн. Өйткені 2 сағаттан кейін кофенің сергітетін әсері жоғалады.
Күнделікті өмірде денсаулыққа зиян деген энергетикалық сусындар кейбір жүргізушілер үшін ұйқы ашатын құралға айналған. Алайда біірден 3-4-еуін сатып алып сіміруге болмайды. Жол ұзақтығына қарай қолдану қажет.
Егер сіз кейде жолда жаңғақтар, кәмпиттер және басқа да ұсақ-түйектерді жесеңіз бұл дененің тонусын көтеруге көмектеседі. Алайда тамаққа тойып алу сізді тәтті ұйқыға жетелейтін ең тиімсіз әрекет боуы мүмкін.
Зейіннің шоғырлануы ұйқыдан алшақтайды. Өз-өзіңізге тапсырмалар қойыңыз және оларды шешіңіз. Машиналардың маркаларын анықтаңыз, айналадағы ауылдарға назар салыңыз...
Бұлшықет кернеуіне күш салу, басты айналдыру жаттығулары;
Көлік салонындағы температуралық режимді өзгерту;
Дымқыл шүберекпен бетіңізді сүрту және суық сумен жуу;
Көздің айналасына жеңіл массаж жасаңыз.
Аталған әдістердің барлығы жақсы әрине. Алайда алыс жолға шыққанда ұйқыңызды қандырып алғаныңыз абзал.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!