Көлік жүргізу кезінде ұйықтап кетпес үшін не істеу керек?

Көлік жүргізу кезінде ұйықтап кетпес үшін не істеу керек?
Фото: pixabay

Елімізде қалааралық такси жүргізушілеріне 8 сағаттан артық темір тұлпар тізгінінде отыруға болмайды. Себебі жол апаттарының басым бөлігі шаршау мен ұйықтап кетуден туындайды. Ғалымдардың зерттеуінше жолда 4 сағат бойы үздіксіз жүргеннен кейін автокөлік жүргізушісінің реакциясы 2 есе, 9 сағаттан кейін 7 есе төмендейтіні дәлелденді. Massaget.kz тілшісі алыс жолда ұйықтап кетпеудің 10 тәсілін ұсынады. 

  •  Байланыс орнату (әңгімелесу)

Жолаушымен сөйлесу - мидың жұмысын ынталандырудың тиімді әдісі. Ең бастысы олар жолдан көз айырмаса болғаны. Сонымен қатар, жаныңыздағы адам сіздің ұйықтап бара жатқандығыңызды бірден аңғарады. Егер жолаушының қалың ұйқыға кетіп бара жатқанын білсеңіз, дереу көлікті тоқтатыңыз. Өйткені ұйықтап жатқан адам сізге көмектесе алмайды. 

  • Музыка тыңдау

Егер сіз көлікте жалғыз болсаңыз ритмі жоғары әуен тыңдау көмектеседі. Көңіл-күйді көтеретін, сергітетін әуендерді тыңдаған дұрыс. Өйткені сүйікті классикалық әндер жүргізушінің ұйықтап кету қауіпін арттырады. 

  • Ән айту

Егер тыңдау дұрыс нәтиже бермесе қатты ән айтып көріңіз. Сөздерді таңдағанда ми ынталанып қан оттегімен қанықтырылады. Бұл дененің тонусын арттырып, ұйқышылдықты жеңілдетеді.

  • Сергітетін сусындар

Жолда шәй, кофе, ыстық шоколад жақсы көмектеседі. Бұл сусындар әр адамның денесіне әр түрлі әсер етсе де бір жарым кесе кофе көңіл сергітеді. Ал шәй мен ыстық шоколадтың ұйқы ашуы тым баяу жүзеге асады. Алайда бұл әдіс қысқа уақытқа әсер ететінін есте ұстаған жөн. Өйткені 2 сағаттан кейін кофенің сергітетін әсері жоғалады. 

  • Энергетикалық сусындар

Күнделікті өмірде денсаулыққа зиян деген энергетикалық сусындар кейбір жүргізушілер үшін ұйқы ашатын құралға айналған. Алайда біірден 3-4-еуін сатып алып сіміруге болмайды. Жол ұзақтығына қарай қолдану қажет. 

  • Тамақ жеу 

Егер сіз кейде жолда жаңғақтар, кәмпиттер және басқа да ұсақ-түйектерді жесеңіз бұл дененің тонусын көтеруге көмектеседі. Алайда тамаққа тойып алу сізді тәтті ұйқыға жетелейтін ең тиімсіз әрекет боуы мүмкін. 

  • Зейінді шоғырландыру

Зейіннің шоғырлануы ұйқыдан алшақтайды. Өз-өзіңізге тапсырмалар қойыңыз және оларды шешіңіз.  Машиналардың маркаларын анықтаңыз, айналадағы ауылдарға назар салыңыз...

  • Физикалық жағдайдың өзгеруі

Бұлшықет кернеуіне күш салу, басты айналдыру жаттығулары;
Көлік салонындағы температуралық режимді өзгерту;
Дымқыл шүберекпен бетіңізді сүрту және суық сумен жуу;
Көздің айналасына жеңіл массаж жасаңыз.

Аталған әдістердің барлығы жақсы әрине. Алайда алыс жолға шыққанда ұйқыңызды қандырып алғаныңыз абзал. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов