Көктемгі құбылмалы ауа райы: күн күрт суытып, қатты жауын-шашын жауады

Қазгидромет 9, 10, 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. 9 сәуірде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ, қатты жаңбыр да жауады.

Түнгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте де жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауып, көктайғақ болады.

Республика бойынша жел күшейеді, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.

Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді:

  • түнде 0-8 градустан 0-5 градус аязға дейін,
  • күндіз 10-23 градустан 7-15 градусқа дейін.

Елдің қалған аумағында ауа температурасы жайлы болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз