Қазгидромет 9, 10, 11 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жаңбыр жауады. 9 сәуірде елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, 10 сәуірде батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, сондай-ақ, қатты жаңбыр да жауады.
Түнгі уақытта солтүстік-батыста, солтүстікте де жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанып отыр, ал 11 сәуірге қараған түні елдің шығысында қар жауып, көктайғақ болады.
Республика бойынша жел күшейеді, түнгі, таңғы уақытта тұман түседі.
Солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыс өңірлерде ауа температурасы төмендейді:
- түнде 0-8 градустан 0-5 градус аязға дейін,
- күндіз 10-23 градустан 7-15 градусқа дейін.
Елдің қалған аумағында ауа температурасы жайлы болады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова